Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін Басқару серверіне қосу параметрлерін конфигурациялау

Басқару серверіне қосылу порттарын белгілеу үшін:

  1. Басты мәзірде қажетті Басқару сервері атауының жанындағы параметрлер () белгішесін басыңыз.

    Басқару серверінің сипаттары терезесі ашылады.

  2. Жалпы қойыншасында Қосылу порттары бөлімін таңдаңыз.

Таңдалған Басқару серверіне қосылудың негізгі параметрлері көрсетіледі.

Kaspersky Security Center Web Console веб-консолі Басқару серверіне TCP 13299 SSL-порты арқылы қосылған. Дәл осы портты klakaut автоматтандыру нысандары қолдануы мүмкін.

TCP 14000 порты Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін, тарату нүктелерін, қосалқы Басқару серверлерін және klakaut утилитасының автоматтандыру нысандарын қосу, сондай-ақ клиент құрылғыларынан деректер алу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Әдетте, TCP 13000 SSL портын тек Желілік агент, қосалқы Сервер және демилитаризацияланған аймақта орналасқан басты Басқару сервері ғана қолдана алады. Кейбір жағдайларда Kaspersky Security Center Web Console веб-консолін 13000 SSL-порты арқылы қосу қажет болуы мүмкін:

Сондай-ақ, қараңыз:

Kaspersky Security Center қолданатын порттар

Басына оралу